Ақтөбеде бойжеткенді интим суреттермен бопсалағандар ұсталды

Ақтөбеде бойжеткенді бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бойжеткеннен 300 мың теңге сомасында ақша бопсалаған Ақтөбе облысының екі тұрғынын ұстады.

Жігіттер қызды интим сипаттағы фото-бейнематериалдарын жариялайтынын айтып қорқытқаны анықталды. Полиция бопсалаушы жігіттердің бірін Ақтөбеде бұл соманы алып жатқанда ұстаған, екінші күдіктіні Хромтау қаласынан ұстады.

Ұсталған күдіктілер кінәсін мойындады, олардан заттай айғақтар - 300 мың теңге сомасындағы ақша және әшкерелейтін материалдары (интим фото-бейне жазбалар) бар телефон тәркіленді. Қорқытып алушылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде соалды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!