Алдағы күндері күн күрт суиды

Синоптиктер Қазақстанда 14, 15 және 16 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстандағы ауа райы оңтүстік циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады: еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауады, бұршақ жаууы мүмкін, екпінді жел соғады. Еліміздің солтүстігі мен орталығында 14-15 мамырда, шығыста 15-16 мамырда, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 16 мамырда нөсер жауады деп күтіледі.

"16 мамырдан бастап солтүстік-батыс шапқыншылығымен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!