Астанада 100-ден аса кәсіпкер санитариялық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін сатқан

Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнама сақталуына қатысты тексерістер жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс нәтижелері бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сататын кәсіпкерлер бақыланбағаны, етті тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар орындалмағаны, сонымен қатар, сауда нысандарында орналасқан ветеринариялық зертханалардағы заңбұзушылықтар анықталды.

"Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден аса бақыланбайтын кәсіпкер жұмыс істейді. Барлық зертханада ветеринариялық-санитариялық жағдай бұзылғаны анықталды, сондай-ақ, кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызмет еткен", - деп жазылған хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз