Біреудің тапсырмасын орындаған: Алматыда өзгенің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Біреудің тапсырмасын орындаған: Алматыда өзгенің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина