Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін? Адвокат болжамы

Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі адвокатқа "сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін?" деп сұрақ қойды.

"Егер бәрі дауыс берсе 3, яғни алқабилердің 10/10 дауыс беретін болса және бұрын сотталғанын, істің қауіпті екенін ескеріп көп жыл беруі мүмкін. Өзім 20-25 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы беріледі деп болжаймын", - деді Жанна Оразбақова.

Сонымен қатар Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов Бишімбаевты өмір бақи түрмеге тоғытылатынына сенімді.

"Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бізден көбі жазаның қандай болатынын сұрап жатыр. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтуда. Біз қазақпыз, сарт емеспіз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенемін", - деді Амангелді Нүкенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бишімбаев ісінде алқабилерге қойылған сұрақтар белгілі болғанын жаздық.

Сондай-ақ Игорь Вранчев Салтанат Нүкенованың ісін алуға неліктен келіскенін түсіндірген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!