Ұлытау облысында 100 жыл жер астында көмулі жатқан жапон қаруы табылды

Жапонның Намбу тапаншасы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында үй жағдайындағы қарапайым құрылыс барысында жер астынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты.

"Газетке оралған қару жер қойнауында 100 жыл көмулі жатқан. 14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ, 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған", - деп жазылған ведомство хабарламасында

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!