"Аналық потенциалымды дұрыс пайдаланбаппын". Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарды

"Аналық потенциалымды дұрыс пайдаланбаппын". Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарды
Фото: "Мархабат"

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева "Мархабат" телебағдарламасына берген сұхбатында қазіргі кездегі арманын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қазіргі таңда немерелі болуды армандайды.

"50 жастан асқан шағымда жеке өмірімді айту қате деп ойлаймын. Оның орнына, дәл қазіргі уақытта менің арман, мақсатым - әже болу. Құдай қаласа өмір бойы ұлымды сүйіп өтетін, оның мінезін түсінетін, адал жар жолықса деймін. Адалдық деген сөздің астарында көп нәрсе жатыр. Маған оның тіпті ұлты да маңызды емес. Ұлы адал жар кездессе, әже болсам деп армандаймын. Өйткені мен қазір ойланып отырып, жастық шағымды есіме түсірсем, мен аналық потенциалымды дұрыс пайдаланбаппын. Сондықтан, мен қазір немере бағуға дайынмын. Бір жақсы келін түсіп, ол 5-6 бала босанып, мен оларды бағамын деп қолым тимей жүрсе деймін", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә