"Үстін қылшық, шаш еттің. Қышып қалай жүреді?" Желіде әкесінің сақал-мұртын алған Заттыбек Көпбосынұлы қызу талқыға түсті

Желіде әкесінің сақал-мұртын алған танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әкесінің сақал-мұртын алып жатқаны бейнеленген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

"Барымызды бағалайық!
Ата-анамыздың алғысын алуды жазсын барлығымызға", - деп жазған ол.

Бұған Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Неге мата төсемегенсің? Үстін қылшық шаш еттің. Қышып қалай жүреді? Жуса да кетпейді синтетикадан", "Алла екі дүниенің бақытын берсін, әкең ұзақ ғұмыр берсін", "Жарайсың, Заттыбек. Әкеңе денсаулық ұзақ өмір тілеймін", "Күшті көрініс әкесі мен баласы", "Менің әкем де атамның сақал-мұртын осылай тазалап қарайтын еді", "Мойнына бірнәрсе салмай ма..", "Осылай марқұм атамның сақал-мұртын алушы едім", "Мен да асыл әкемнің сақал-мұртын, тырнақтарын алып беруші едім, шіркін жақсы уақыт еді", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!