Мына дәрі-дәрмекті қабылдау өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін

Мына дәрі-дәрмекті қабылдау өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін
Фото: pixabay.com

Депрессияны емдеу үшін қолданылатын өсімдік препараты шайқурай бала көтертпейтін дәрі-дәрмектің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал депрессияға қарсы дәрі мен ибупрофенді бірге қабылдау асқазанға зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық фармацевт Дипа Камдар айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "DailyMail" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, шайқурай көбінесе депрессияның жеңіл түрлерін емдеу үшін рецептсіз сатылатын өсімдік ретінде қолданылады. Айқын депрессияға қарсы әсерінен басқа, бұл препарат ферменттердің индукторы ретінде әрекет ете алады, яғни басқа заттардың ыдырауын тездетеді. Бұл шайқурай және басқа мақсаттағы препараттарды (мысалы, бала бітуге қарсы) бір мезгілде қабылдау бала көтертпейтін дәрінің тиімділігін төмендетіп, күтпеген салдарға әкеп соқтыруы мүмкін дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, фармацепт селективті серотонинді қалпына келтіру ингибиторлары (SSRI) деп аталатын депрессияға қарсы дәрілерді қабынуға қарсы ауырсынуды басатын дәрілермен (Нурофен, Ибупрофен, Ибуклин) біріктірудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бұл препараттар араласса, асқазанның шырышты қабығына зақым келтіруі және тіпті қан кетуді тудыруы мүмкін. Қауіпті салдардың алдын алу үшін осы екі түрдегі препараттарды кем дегенде екі сағат аралықпен қабылдау керек.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қарқара деген не?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә