Диетолог егде жастағы адамдар үшін қай картоптың ең пайдалы екенін айтты

Егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы - құрамында С дәрумені мен минералдың көп мөлшері бар жаңа піскен картоп. Бұл туралы терапевт, диетолог, медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.

Сонымен қатар, маман картоп құрамында қарт адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы калийдің көп екенін түсіндірді.

"Жаңа піскен картопты қант диабетімен ауыратын егде жастағы адамдарға да тұтынуға болады. Бірақ тым көп жеуіне болмайды. Оның құрамында крахмал аз, сондықтан қандағы глюкоза деңгейі ескі картоппен салыстырғанда онша жоғарыламайды", - деп түсіндірді ол.

Дәрігер картопты қабығында қайнатуды ұсынады, өйткені оның құрамында минерал мен өсімдік талшық көп. Талшық асқазан-ішек жолдары мен ішек флорасына оң әсер етеді.

Оған қоса, қайнатылған картоп гипертония кезінде қан қысымын бақылауға көмектеседі.

Тағы да оқи отырыңыздар: М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!