Алматыдағы сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді

Алматыдағы сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді
Фото: depositphotos.com

Алматының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 12 мамырда Алматы уақыты бойынша 10 сағат 52 минут 55 секундта жер сілкінісін тіркеді", - делінген кезекші оператордың жедел хабарламасында.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV магнитудасы - 4.4. Пайда болу тереңдігі 5 шақырым.

"MSK-64 шкаласы бойынша: Қазақстан аумағында сезілмеді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан