Атыраудағы ойын орталығында қыз биіктен құлап кетті

Атырауда ойын орталығында қыз биіктен құлап кетті. Бұған дейін бұл ойын орталығында тағы екі бала жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, 9 мамырда қаладағы балалар ойын орталықтарының бірінде жасөспірім қыз зардап шеккен. Ойын кезінде қауіпсіздік жібі үзіліп кетіп, қыз биіктен құлағаны айтылған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы 10 жастағы қызға сол жақ шынтақ буыны мен оң жамбас сүйегінің көгеруі диагнозы қойылғанын хабарлады. Зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Сондай-ақ, осы ойын орталығында бұрын тағы екі баланың жарақат алғаны айтылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!