Алматыда 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлік анықталды

Алматыда 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлік анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

189 жол қозғалысы ережесін бұзған көлік иесіне 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен де айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr маркалы автокөлікті ұстады.
Жүргізуші 189 рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды.

"Көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы Ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз