Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты 10 мамырда болды. Tоyota Estima және Lexus ES 300 көліктері Алматы-Өскемен тасжолының 327-шақырымында соқтығысқан.

"Tоyota Estima көлік жүргізушісі сол жақтан басып озып, солға бұрылып келе жатқан Lexus ES 300 көлігіне соғылған", - деп жазылған хабарламада.

Tоyota Estima көлігінің жүргізушісі қаза тапты. 5 жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өңір полициясы жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!