Жиі қорқынышты түс көрудің себебі неде?

Пенсильваниядағы Ньюман университетінің ғалымдары түске не әсер ететінін және олардың қандай себептермен пайда болатынын анықтады. Зерттеу Dreaming ғылыми журналында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорқынышты түсті ересектердің 2,4 пайызынан 12 пайызына дейін үнемі көреді. Бұл күйзеліс күшеюіне және паранойяға байланысты екен.

Ғалымдардың зерттеуіне шамамен 21 жастағы 166 студент қатысты. Еріктілерден кейінгі екі аптада қаншалық жиі қорқынышты түс көргенін, жағымсыз түстердің жалпы санын және түнгі түстің қаншалық қорқынышты болғанын еске түсіру сұралған.

Сондай-ақ, қатысушылар өздерінің психологиялық жағдайы мен күйзеліс деңгейін бағалау үшін сауалнамалар толтырған.

Ғалымдар түнгі түстердің жиілігі психологиялық жай-күйге және күйзеліске қарсы тұру қабілетіне тығыз байланысты екенін анықтаған. Бұл дегеніміз психологиялық жағдайына байланысты адамдар қорқынышты түстерді жиі көруі мүмкін және олардан қатты зардап шегеді.

Сондай-ақ, түнгі түс әдетте қазір болып жатқан жайттармен байланысты емес екен, ол көбіне адамның ұзақ уақыт қалыптасқан жеке қасиеттеріне байланысты болатыны анықталды. Басқаша айтқанда, жағымсыз түстер ойлауға байланысты туындайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!