Сербия Қазақстанға бір миллион еуро гуманитарлық көмек көрсетті

Сербия Республикасы 10 мамырда Қазақстанға су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда үй салу үшін бір миллион еуро көлемінде ақшалай көмек берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан халқы" қоры бұл шешім екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік пен достықтың символы екенін атап өтті.

"Бұл үлес ынтымақтастық деңгейін және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге және көмекті бөлудегі ашықтыққа деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді", - деді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Жалпы, 10 мамырдағы жағдай бойынша қор апаттан қираған тұрғын үй салу үшін бөлген 10 миллиард теңгеге қосымша 5,3 миллиард теңге жинады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз