Полицейлер Алматы – Дубай рейсінен ішіп алған шетелдіктерді түсіріп алды

Полицейлер Алматы – Дубай рейсінен ішіп алған шетелдіктерді түсіріп алды
Фото: Tengrinews.kz

Шетелдік жолаушылар әуе рейсінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Алматы – Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды. Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан