Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Осыған байланысты, 2024 жылғы 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз