Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен ерлі-зайыпты қаза тапты

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 9 мамырда Ырғыз ауылының маңында болған.

"9 мамырда Самара-Шымкент тасжолында бір бағытта келе жатқан "ВАЗ" көлігі мен "MAN" жүк көлігі соқтығысты, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе облысы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық әкімдік өкілдері көлікте ерлі-зайыпты мұғалімдер мен аудандық мәслихат депутаты болғанын хабарлады.

"Екеуі де Ырғыз мектебінде жұмыс істеген, оның күйеуі де 1979 жылы туған. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Аудандық мәслихаттың депутаты 28 жаста болды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінен.

Жол апатына қатысты басқа мәліметтері хабарланған жоқ. ПД мәліметінше, оқиғаның себебі тергеу барысында анықталады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!