Биыл қант қымбаттамайды - АШМ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл Қазақстанда қант қымбаттамайтынын, өнімге тапшылық болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елімізде қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна. Бүгінде 90 мың тонна қант бар. Бұдан бөлек 120 мың тонна қант квотамен алынады. Бұл өнім мамырдан бастап түсе бастайды. Сондай-ақ бажсыз кіргізетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Сондықтан бізге қант жетеді деп айтуға болады. Жақында мен Ресейдегі әріптесіммен қосымша тағы 80 мың тонна қант жеткізу туралы сөйлестім. Енді кім біледі, дайын болайық. Ертең әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ биыл еліміз қантпен 100% қамтылады", – деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ ол еліміздің өтінішін Ресей қолдағанын, қант бағасы көтерілмейтінін жеткізді.
"Осы жұмыстарды жүргізілсе, қанттың бағасы көтерілмейді деп ойлаймын", - деді министр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз