Тасқын: құжаты жоқ малдың шығыны қалай өтеледі?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға құжаты жоқ малдың шығыны қалай өтелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл мәселе бойынша өңірлерде арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.

"Малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі. Енді малына құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде "3 куәгер болуы керек" деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Осы адамдар барлығын дәлелдейді. Нәтижесінде (мал шығынының) құжатын толтырады да қорлар немесе демеушілер есебінен (мал шығыны) өтеледі", - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр табиғи апаттан зардап шеккен халық көмексіз қалмайтынын жеткізді.

"Мысалы, бүгінде Қарағанды облысында демеушілер барлық (мал шығынын) жауып тастады. Ақтөбе, Қостанай облыстарында да осындай жұмыс жүріп жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. Барлық шығын өтеледі", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!