Күзетші мәйітханада өлген адамды зорлаған: министрлік пікір білдірді

Өткен аптада Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген ақпарат тарады. Бүгін Әділет министрлігінің баспасөз мәслихатында іс бойынша қосымша ақпарат берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің сөзінше, Алматы қаласы ПД Әуезов ауданының полиция басқармасы ҚР қылмыстық кодекстің 314-бабы 2-бөлігі бойынша 1980 жылы туған азаматты тергеуге алды.

"Бұл азамат сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасында тұрмағанын атап өткен жөн. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес. Шартқа сәйкес, мәйітхананы қорғауды "Аят Секьюрити" ЖШС жүзеге асырды, бұл азамат аталған ЖШС атынан мәйітхананың күзетшісі болып жұмыс істеген", - деді спикер министрлік ұйымдастырған баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Алматыда мәйітхана қызметкеріне қатысты жантүршігерлік қылмыс әшкере болғанын жазған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!