Жаңадан құрылған Алатау қаласына әкім тағайындалды

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған.
Ол - халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!