Құтқарушылар Шымбұлақ шыңына шыққан екі қызды құтқарды

Құтқарушылар Шымбұлақ шыңына шыққан екі қызды құтқарды
Фото: ТЖМ

Іле Алатауы тауында туристің денсаулығы нашарлаған. ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 9 мамырда 4 адам Шымбұлақ шыңына (3450 метр) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың хәлі нашарлап, өздігінен түсе алмаған.

"Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді. Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Құтқарушылар туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова