Ақмола облысында үйден өрт шықты: құтқарушылар 4 газ баллонын шығарған

Ақмола облысында үйден өрт шықты: құтқарушылар 4 газ баллонын шығарған
Фото: ТЖД

Ақмола облысында жеке үйден өрт шығып, төрт газ баллоны сыртқа шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылында жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.

"Өртсөндірушілер үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуының алдын алып, 4 газ баллонын шығарды", - деп жазылған мәліметте.

Өрт сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова