Шымкентте қыздың қолынан телефонын жұлып алған полицей жазаланды

Шымкентте қыздың қолынан телефонын жұлып алған полицей жазаланды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде Шымкентте қала тұрғындары мен құқық қорғау органдары қызметкері арасындағы жанжалдың видеосы тарап кеткен еді. Кадрларда қыздардың бірі қызметкерден құжаттарын ұсынуды сұрайды, ал екіншісі бұл жағдайды видеоға түсіреді. Полицей қыздың қолындағы телефонды көріп, оны қолынан жұлып ала бастайды. Бұл жайтқа қатысты Шымкент Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті өкілдері қыздың қолынан телефонды жұлып алған қызметкерге қатысты қызметтік тергеу аяқталғанын айтты.

"Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша полиция қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова