Ісінудің нақты 4 себебі

Ісінудің нақты 4 себебі
Фото: pixabay.com

Кей күндері көзіңіз, саусақтарыңыз немесе аяқтарыңыз ісіп тұрады. Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы өзінің инстаграм-парақшасында ісінудің негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адам ағзасы мына себептерден ісінуі мүмкін:

  • Жүрек-қан тамырлар ауруынан болуы мүмкін. Яғни жүректегі қанайналымның дұрыс жүрмеуі және өткізгіштігінің жоғарылауы. 
  • Веноздық, лимпатикалық қан тамырларда да қанайналым нашар болса да, ісікке алып келеді.
  • Ісінуге әкелетін тағы бір себеп - ағзаға ақуыздың жетіспеуі, қалыптыдан төмен болуы.
  • Өт пен бауырдың қазметіне де баланысты. Нақтырақ айтқанда, детоксикация процесі бұзылып, ағза токсиннен тазара алмағанда ісіну пайда болады.

"Күнделікті ас мәзіріңізге, қимыл-қозғалысыңызға мән беріңіз. Ісінген кезде зәр айдайтын препараттарды іше беру - көпшілік жасайтын қателік. Ол ағзадан пайдалы элементтерді де айдап шығарады. Сол үшін оларды білікті дәрігермен кеңесіп барып қана ішкен жөн", - деп жазды дәрігер.

А. Жапатова