Астанада студенттер қала тұрғындарын Жеңіс күнімен ерекше құттықтады

Фото: видеодан кадр

Астанада қоғамдық көлікте жолаушылар "Катюша" әнін орындап, көпшілікті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қоғамдық көлікте "Катюша" әнін орындады. Олар осылайша, қала тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтағысы келген. Олардың орындауы көпшіліктің көңілінен шығып, басқа жолаушылар да қосыла ән шырқаған.

Студенттердің бұл әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті. 

"Жарайсыңдар, мен жастар тарихты ұмытты деп ойлағанмын, сіздерге және ата-аналарыңызға рақмет", "Осындай жастардың барына қуанамын, жарайсыңдар", "Бізге жеңіс әкелген батырларымызды құрметтеп, осы күн жайлы ұмытпағандарың үшін рақмет", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

А. Жапатова