Қан тамырларды тазартуға арналған таңғы асқа жеуге болатын 2 өнім аталды

Таңғы асқа жұмыртқа мен сұлы ботқасын жеу ағзадағы "жаман" холестериннің азаюына ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Rg.ru"-ге сілтеме жасап.

Медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Константин Ивановтың айтуынша, жұмыртқада холин көп, ол "зиянды" холестеринді жояды.

Сұлы ботқасына келетін болсақ, диетолог Лиза Афинскаяның айтуынша, барлық дәнді дақылдардың ішінде сұлы холестеринді тиімді төмендетеді. Өнімдегі бета-глюкан ішектегі холестеринге бай өт қышқылдарының бір бөлігімен қосылып, олардың ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

Маман ең аз өңделген сұлы таңдауға кеңес берді: ол неғұрлым аз болса, ботқаның қорытылуы соғұрлым ұзақ болады және гликемиялық индексі төмен болады.

"2-5 минутта пісетін ботқа ағзаға ешқандай пайда әкелмейді", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, холестеринді төмендету үшін май мен қаймақтан бас тартудың қажеті жоқ. Бастысы, оларды мөлшермен жеңіз және оларға қарсы көрсетілім болса, дәрігермен кеңесіңіз.

Оқи отырыңыз: Әр адам денсаулығы жайлы қандай мәліметтер білуі керек?