Иранда көптеген кино марапаттарының лауреаты - танымал режиссерді түрмеге қамады

Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, ирандық режиссер Мохаммад Расулоф сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді. Бұл туралы оның адвокаты Бабак Пакния Х әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Gazeta"-ға сілтеме жасап.

Режиссердің "Семя священного инжира" фильмі Канн фестиваліне қатысуға таңдалған. 

Үкім шығарудың себебі қоғамдық мәлімдемелер мен соттың ойынша елдің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасауды көздейтін көркем және деректі фильмдер түсіру болды.

Бұған дейін адвокат түсірілім тобын, актерлар мен режиссерді жауап алуға шақыртып, елден кетуге тыйым салғанын айтқан болатын. Оларды тиісті лицензиясыз түсірілім жүргізгені үшін және актрисалардың хиджабты дұрыс кимегені үшін айыптаған.

Бұл режиссерге қатысты бұрын шығарылған үкімдердің арасында ең қатаңы болды. Ол алғаш рет 2010 жылы рұқсатсыз фильм түсіргені үшін қамауға алынды. Бастапқыда оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ кейінірек мерзім бір жылға дейін қысқартылды.

2017 жылы шетелден оралғаннан кейін оған елден кетуге тыйым салынды. Мохаммад Расулоф 2022 жылдан 2023 жылға дейін үкіметті айыптайтын пікірлері үшін қамауға алынды, бірақ денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылды.

Мохаммад Расулоф - көптеген кино марапаттарының лауреаты және номинанты.

2020 жылы ол "Зұлымдық жоқ" атты жұмысы үшін Берлин кинофестивалінің "Алтын аюын" алды.