Ғалымдар кенелердің қандай қан тобын жақсы көретінін анықтады

Чехияның Масарик университетінің ғалымдары Лайма ауруын немесе боррелиозды тасымалдайтын кенелер екінші қан тобын жақсы көретінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі МИР телеканалына сілтеме жасап.

Тәжірибе барысында мамандар in vitro технологиясын қолданған: еріктілердің әртүрлі қан топтарының үлгілерін арнайы ыдыстарға салып, оның ішіне кенелерді жіберген.

100-ден аса тәжірибеден соң ғалымдар кенелер екінші қан тобын жақсы көретініне көз жеткізген. 36 пайыз жағдайда жәндіктер екінші қан тобын таңдаған. 

Кенелер ең аз үшінші қан тобына жолаған: оған тек 15 пайыз кене барған. Мамандар соңғы нәтижелерге бөгде факторлардың әсерін болдырмау үшін қосымша эксперименттер жүргізетінін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қанды неге топқа бөледі?