Пробиотиктердің өмірге қауіпті жанама әсері анықталды

Пробиотиктердің өмірге қауіпті жанама әсері анықталды
Фото: Freepik.com

Emerging Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, пробиотиктерді (пайдалы микробтары бар препараттарды) қабылдау бактериемия деп аталатын бактериялардың қанға енуіне әкеп соқтыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2011 жылы қыркүйектен 2023 жылы ақпанға дейін Осака университетінің ауруханасында бактериемияның 6576 жағдайы тіркелді. Мұның бес жағдайында Clostridium butyricum бактериясы науқастардың қанына Жапонияда танымал тағамдық қоспа арқылы түскен.

Науқастардың биоматериалындағы микробтардың ДНҚ тізбегі пробиотиктердегі бактериялармен сәйкес келді. Бес науқастың төртеуі аман қалды. Бұл дерек пробиотиктерді қабылдау ауыр жанама әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін екенін растайды.

Соныдқатн, ғалымдар пробиотиктерді өз-өзіне тағайындаудан аулақ болуды ұсынды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 8 күні туған адамдар қандай болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә