Қызылордада тұрғын үйдің жанында тұрған көлік толығымен өртеніп кетті

Қызылордада тұрғын үйдің жанындағы көлік толығымен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 5 қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған жеңіл көлік жанды.

Жеңіл автокөлікті толығымен шарпыған өрт 12 минут ішінде сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын-ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз