Диетолог 60 жастан асқан адамдарда инсульт пен инфаркт қаупін арттыратын сорпаны атады

Егде жастағы адамдарға майлы сорпаларды ішуге болмайды, өйткені олар холестерин деңгейін жоғарылатады, атеросклеротикалық түйіншектің жиналуын тудырады және инсульт пен инфаркт қаупін арттырады. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.

"60 жастан асқан адамдарға ішек-қарын, өкпе-бауыр қосылған сорпаны ішуге кеңес берілмейді. Олардың құрамында холестериннің көп мөлшері бар. Оның құрамындағы холестерин майлы етке қарағанда әлдеқайда көп", - деп қосты сарапшы.

Сонымен қатар, маман егде жастағы адамдарға бұршақ, саңырауқұлақ және сүт сорпасынан бас тартуға кеңес берді, өйткені оларды қорыту қиын және қыжыл тудыруы мүмкін. Ал күріш сорпасы қандағы глюкозаны жоғарылатады.

"Тұз көжеге (солянка) әр түрлі ет ингредиенттері қосылады, мысалы шұжық пен ет. Оны қорыту асқазан үшін айтарлықтай қиын. Тіпті кейбір сау адам да оны сіңіре алмайды, ал қарт адам үшін одан да қиын", - деп қорытындылады Елена Соломатина.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!