Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарды

Фото: видеодан алынған кадр

Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған.

Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.

ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан