Ұйықтар алдында айран ішуге бола ма? Дәрігер жауап берді

Ұйықтар алдында айран ішуге бола ма? Дәрігер жауап берді
Фото: Freepik.com

Диетолог, нутрициолог Евгений Арзамасцев ұйықтар алдында айран ішуге болмайды деген ұғымның шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, айран асқазан-ішек жолына ауыртпалық түсірмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.

Ол бұл сусын ағзаға оңай сіңетінін, оның құрамында ақуыздар, майлар мен көмірсулар бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ, айранның құрамында талшық жоқ, сондықтан айран асқазан мен ішектердің көп жұмыс істеуіне түрткі болмайды.

"Түнде асқазан-ішек жолдары да демалуы керек. Сондықтан ұйықтар алдында айран ішуге рұқсат етіледі. Әрине, айран ұйқыға тікелей әсер етпейді. Бірақ ол жанама әсер етеді. Яғни, егер адам қатты аш болса және осыған байланысты ұйықтай алмаса, бұл жағдайда ашытылған сүт сусыны жағымсыз сезімді басады. Оның көмегімен адам ұйықтай алады", - деді маман.

Сонымен қатар, дәрігер майлылығы бір пайыз айранға артықшылық беруді ұсынды, өйткені мұндай өнімде май мен калория аз.

Негізі егде жастағы адамдар мен балалар кальций тапшылығының алдын алу үшін аптасына кемінде үш-төрт рет айран ішуі керек.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә