Жамбыл облысында екі балықшы қаза болды

Жамбыл облысында екі балықшы қаза болды
Фото: ТЖД

Жамбыл облысында екі балықшы қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turaninfo.kz-ке сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, қазір шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық Төтенше жағдай және Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе, волонтерларды тарта отырып шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 500 ден астам рейд және патрульдік жұмыстары жүргізіліп, 5000 астам жаднамалар таратылды.

Бірақ жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан Жамбыл облысы аумағында 2024 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша 1 оқыс оқиға тіркеліп, 2 адам балық аулау кезінде қаза болды.

Статистика бойынша, 2023 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін облыстағы су айдындарында 4 суға бату дерегі тіркеліп, онда 5 адам қаза болған, оның ішінде 3 бала.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек