Мына өнімдер қан қысымын төмендетуге көмектеседі

Мына өнімдер қан қысымын төмендетуге көмектеседі
Фото: pixabay.com

Асжапырақ (шпинат), банан, папайя жіне кокос секілді калийге бай тағамдар қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Бұл туралы жаратылыстану ғылымдары факультеті деканының міндетін атқарушы Ирина Лялина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.

Қан қысымы үнемі жоғары жүретін адамдарға банан, асжапырақ, сондай-ақ авокадоны көбірек тұтынған дұрыс. Экзотикалық папайя мен кокос жаңғағы да қысымды төмендетіп, қалыпқа келтіруге көмектеседі, олардың құрамындағы калий бананға қарағанда көбірек. Құлпынай, таңқурай және қарақат та калий мен антоцианиндердің арқасында қысымды төмендетеді.

Сондай-ақ, діругер долана, арония, калай және вибурнумға назар аударған жөн екенін айтты. Оларды жаңа піскен, сондай-ақ жеміс сусындары мен компот күйінде тұтынуға болады.

Дәрігер егде жастағы адамдарда қан қысымы бірқалыпта болмайтынын ескертті. 65 жасқа дейінгі адамдар үшін инфаркт пен инсульттің алдын алуға оңтайлы көрсеткіш  - 129/80 мм сын.бағ. Ал егде жастағы науқастар үшін 139/80 мм сын. бағ. Егер көрсеткіштер жоғары болса, адамға емдеу және өмір салтын өзгерту қажет.

Тағы да оқи отырыңыздар: Су тасқынынан қанша үй зардап шекті?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә