Физиолог бауыр мен бүйрекке зиян тигізетін шайларды атады

Қазақ күніне бір рет шай ішпесе, басы ауыратын халық. Алайда бүгінде кейбір мамандар шайдың зияны туралы айтып, дабыл қағып жатады. Осыған байланысты физиолог Александр Созыкин шайдың денсаулыққа төндірер қаупіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шайдың пайдасы оның сортына да, сусын дайындау тәсілдеріне де байланысты. Шай өндірісінің технологиялары жыл сайын жетілдіріліп жатыр, тіпті шайдың таңдаулы түрлері де сатылады.

Александр Созыкин шайдың бұл түрін ғалымдар тексергенін айтты.

"Қайнату кезінде пирамидалар жоғары температураның әсерінен жасанды нанобөлшектерге ыдырайтын микропластик шығарады", - деді физиолог.

Әрине, пирамида пішінді қапқа оралған шайды сирек ішетін болсаңыз, оның денсаулыққа айтарлықтай зияны жоқ. Бірақ мұндай шай түрін үнемі қайнатып ішу арқылы ағзаның мүшелері мен жүйелерінде микропластиктердің жиналуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда қан, бауыр және бүйрек зардап шегеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жәдитшілік деген қандай қозғалыс?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!