Ақтау тұрғыны төртінші қабаттан құлап кеткен

Ақтау тұрғыны төртінші қабаттан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, ер адам он метрдей ұшып кетіп, дәмхананың үстіне құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамды дәмхананың төбесінен шығаруға ғана мәжбүр болды. 

Бұған не себеп болғаны белгісіз. Ақтау тұрғыны медициналық көмекке мұқтаж болды.

Өртсөндірушілер көпқабатты үйдің 4-қабатынан дәмхананың шатырына құлап кеткен 36 жастағы ер адамды құтқарды. Зардап шеккен адам шатырдан түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!