77 миллион теңге қарызы бар көлік жүргізушісі анықталды

77 миллион теңге қарызы бар көлік жүргізушісі анықталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қорғау" бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. Hyundai маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Қарызын төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.

Ал көлік айыптұраққа қойылды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.
 
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында "Қорғау" қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заңбұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова