Неліктен денеде себепсіз көгерген жерлер пайда болады?

Неліктен денеде себепсіз көгерген жерлер пайда болады?
Фото: depositphotos.com

Ағзада майдың аз мөлшерде болуы және ауырсынуды басатын дәрілерді (аспирин, ибупрофен) қабылдау дене көгеруіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық терапевт Мартин Скарр Daily Mail басылымына айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, денедегі "себепсіз" көгерулер егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Бұл тері астындағы капиллярларды қорғайтын майдың азаюына байланысты. Жұқа май қабаты соққылар мен басқа да физикалық әсер кезінде жеткілікті қорғанышты қамтамасыз етпейді.

Көгерудің тағы бір себебі аспирин мен ибупрофенді, сондай-ақ, қанды ұйытатын антикоагулянттық препараттарды қабылдау болуы мүмкін.

Скарр кейбір табиғи терапевттер, мысалы, женьшень де көгеруді тудыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова