Қатерлі ісіктің алдын алуға не көмектесуі мүмкін?

Қатерлі ісіктің алдын алуға не көмектесуі мүмкін?
Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық диетолог Тим Спектор мен биохимик Макс Гоуландтың айтуынша, күніне бір уыс жаңғақ жеп, оларды бөліктерге бөлу керек. Мұндай тамақтану әдеті қатерлі ісік пен жүрек ауруының даму қаупін төмендетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Сарапшылар жаңғақтарды тұтынудың басты артықшылығы олардың құрамындағы талшықтың пайдалы әсері екенін түсіндірді. Бұл тағамдық компонент жалпы денсаулықты, сондай-ақ, ас қорытуды, қан айналымын, қан қысымын және қандағы қант деңгейін жақсартуға көмектеседі.

Сондай-ақ, жаңғақтар жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына кедергі келтіретін пайдалы майларға, ақуыздарға, дәрумендерге, минералдарға бай. Жаңғақтар қандағы "зиян" холестериннің жиналуын болдырмайды.

Мамандардың айтуынша, жаңғақтардың максималды пайдасын күн сайын кішкене бөліктерден тұтыну арқылы алуға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова