Күніне қанша мөлшерде шұжық жеуге болады?

Күніне қанша мөлшерде шұжық жеуге болады?
Фото: depositphotos.com

Эндокринолог, диетолог Ольга Чухачева денсаулыққа зиян келтірмейтіндей деңгейде болуы үшін күніне бір тілім шұжық жеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, шұжықта қаныққан май көп, оларды тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады. Бұл қауіпті азайту үшін дәрігер шұжықты тұтынуды шектеуге кеңес берді. Диетологтың айтуынша, қаныққан май күнделікті калория мөлшерінің шамамен 10 пайызы болуы керек.

"Бұл бас бармақ көлеміндегі шұжық немесе сары май", - деп түсіндірді дәрігер.

Чухачева адамның қаныққан майларға қажеттілігі жоқ екенін айтты, өйткені дене оларды өздігінен синтездей алады екен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова