Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол төсемін жөндеуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі:

  • Сарайшық көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран даңғылына дейін ішінара жабылатын болады. Көшені жабу ағымдағы жылдың 9-25 мамыр аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта қамтамасыз етілетін болады;
  • Өндіріс көшесінің Нефтянников көшесінен Солтүстік айналма жолға дейін (схема қоса беріледі) ағымдағы жылдың 12 мамырында сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін толық жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан