Әлемге әйгілі болған Кабирхан АҚШ-қа жіберілді

Фото: видеодан кадр

Қазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевтің әлемге әйгілі болған атақты Кабирхан атты сәйгүлігі АҚШ-тағы фермаға апарылды, онда жылқының енесі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Кабирханның иесі жылқы Дубайдан АҚШ-қа апарылатынын айтқан еді. Кабирхан, расында да, WinStar Farm-ға (Кентукки штаты) апарылды.

"Бәріміз Кабирханды білеміз, бұл - оның енесі. Қазақ тілінде "алып анадан туады, ат биеден туады" деген мақал бар! ...Жақында ол туды. Құлыны Кабирхан сияқты болады. Алманы өте жақсы көреді, Алматыдан алма әкелу керек еді", - деді бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik Sultan (@beriksultan)

Айта кетейік, Кабирхан 2020 жылы АҚШ-та туған. Ал 2022 жылы Алматы ипподромында алғашқы жарыста жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова