Дәрігер шығыңқы іш қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты

Дәрігер шығыңқы іш қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты
Фото: Freepik.com

Іштің төменгі және кіндіктен жоғары жағының шығыңқы болуы метаболизмнің бұзылуы және инсулинге төзімділікті білдіреді. Бұл туралы дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, нутрициолог Юлия Этлис айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай салдар тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну және физикалық белсенділіктің болмауынан пайда болады.

"Инсулин гормоны майды сақтап, оны жойылудан мұқият қорғайды. Инсулинге төзімділікпен глюкоза қанда қалады, содан кейін майға айналады, сондықтан негізінен бұл жағдай әрқашан артық салмақпен бірге жүреді", - деді маман.

Мұндай кезде май дененің ішкі жүйелерінде сақталады, бұл денсаулықтың ауыр ауруларына әкеп соқтырады. Дәрігер майдың бұл түрі висцеральды деп аталатынын, ол инфаркт пен инсульт қаупін арттыратынын, қан қысымының жоғарылауына ықпал ететінін және Альцгеймер ауруының даму қаупін арттыратынын түсіндірді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Отан қорғаушы күні неге 7 мамырда тойланады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә