"Аузынан көбік ағып жатты". Асабалар павлодарлықты құтқарып қалды

"Аузынан көбік ағып жатты". Асабалар павлодарлықты құтқарып қалды
Фото: freepik.com

Асабалар павлодарлықты құтқарып қалды. Жүргізуші инсульт алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Ақ-Асыл event" қатысушылары Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оқиға Мойылды ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған.

"Түнде келе жатып, теміржол өткелінің алдында тұрған көлікті көрдік. Жақындап қарасақ, жүргізушісінің аузынан көбік ағып жатыр екен. Бірден жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеттік. 30 минут күткеннен соң өзіміз ауруханаға жеткізуді ұйғардық, жолай жедел жәрдем машинасын кездестірдік. Сөйтсек, инсульт болған екен", - дейді "Ақ-Асыл event" қатысушылары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан