Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде 2-орында келеді

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар.

Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр. Әлемнің 2-ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.

Елена Рыбакина Арина Соболенкодан алда келеді

Алдыңғы аптада Елена Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Арина Соболенкоға жол берген еді.

Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!