"Алматыда тарап кеткен пәк қыздар тізімі". Министрлік мәлімдеме жасады

"Алматыда тарап кеткен пәк қыздар тізімі". Министрлік мәлімдеме жасады
Фото: Турар Казангапов ©/tengrinews

Цифрлық даму министрлігі "пәк қыздардың тізіміне" қатысты мәлімдеме жасады. Тізімді таратқандар тартылатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде дербес деректерді тарату бойынша болған жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін ЖОО-ға сұрау салды.

"ЖОО ұсынған жауапқа сәйкес, университетпен шарт негізінде әрекет ететін медициналық ұйымның қызметкері 2024 жылғы 6 ақпанда WhatsApp арқылы флюорографиялық зерттеуден өту үшін студенттер тізімі бар Excel форматындағы құжаттарды жіберген, онда студенттердің ТАӘ-нен басқа, медицина қызметкерінің құпиясына жататын мәліметтер қамтылған", - деп жазды ведомство.

Бүгінгі таңда министрліктің атына жеке деректері тізімде болған азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

"Алматы қаласының полиция департаменті Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады, оның шеңберінде министрлік қызметкерлері маман ретінде тартылды, оның қорытындысы бойынша Университеттің іс-әрекеттері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынылды. Қылмыстық істің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактілері болмаған жағдайда министрлік әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарайтын болады", - деді ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

2024 жылғы 16 ақпанда GitHub ресурсында белгісіз қытайлық компанияның деректерінің тарап кетуін жариялады, онда қазақстандықтардың дербес деректері қамтылды.

Министрлік ҰҚК және МТҚ-мен бірлесіп "Қазақтелеком" АҚ, "БЖЗҚ" АҚ, "Air Astana" АҚ қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 2 заңды тұлға ("Қазақтелеком" АҚ, "Air Astana" АҚ) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 369 200 теңгені болатын айыппұлдар салынды және бір жыл мерзімге ұйғарымдар берілді.

Сонымен қатар 2024 жылғы 5 наурызда МТҚ zaimer.kz МҚҰ ("МҚҰ" ЖШС Робокеш.кз") микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

Еске салайық, биыл ақпанда "Пәк қыздар тізіміне" қатысты Алматы прокуратурасы тергеп-тексеруді бастаған болатын.

Сондай-ақ деректердің таралып кетуіне қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мәлімдеме жасаған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Ордабаев